Шынығу алаңы


Жас маманның бойындағы мақсатты бағыттылық пен атаққұмарлық сияқты қасиеттердің маңыздылығы орасан. Адамның осындай қасиеттерін дамытуда спорттың атқаратын рөлі жоғары. Спорт арқылы келешекте биік белестерден көрінуге мүмкіндік туады. Дәл осы себеппен 2015 жылы ойын залынан, жаттығу залынан, шейпинг – залы мен спорттық алаңнан және акт залынан тұратын спорт кешенінің құрылыс жобасы кірпішін қалай бастады. 2016 жылдың 1 қыркүйегінде колледждің «Energy Club» деп аталатын спорттық – бос уақытты қамту орталығы алғашқы қонақтарды, колледж студенттері мен қызметкерлерін қабылдады. Қазір оның ішінде футбол, баскетбол, волейбол спорт секциялары бар, сонымен қоса 100-ге жуық адамдарды қабылдайтын жаттығу залы жұмыс істеуде. Жаттығу залына біздің және басқа да колледж студенттері, мектеп оқушылары, шағын ауданның жастары келіп денелерін шынықтырумен айналысады. Жаттығу залы күн сайын сағат 15.00-ден 22.00-ге дейін, ал сенбі күні сағат 9.00-ден 15.00-ге дейін жұмыс істейді.

Спорттық жобаны жүзеге асыру сабақтан тыс уақытта жастардың бос уақытын қамтуға қамтамасыз етеді және де салауатты өмір салтын қалыптастыруға ықпалын тигізеді.

   


   

    БІЗ ЖЕҢІМПАЗДАРМЫЗ!

   

Ағымдағы оқу жылында колледж студенттерінің облыстық спартакиадасы аясында бағдарламаның бес түрі бойынша жарыстар өтті.

Президенттік шақырымға жүгіруде колледж намысын Саенко М. (ГТМ-22-11 тобы),Думлер В. (ТЭ-21 тобы), Сарсенбай А., Турсунов Ч., Кургазин Б. (ТТ-22-11 тобы) қорғады. Біздің стайерлер 18 команданың арасында 5 орынға ие болды. Тоғыз кұмалак бойынша өткен жарыстарда Еламан Сүйіндіктен (ТТ-49-11 тобы) және М.Зинченкодан (ГТМ-22-11 тобы) тұратын құрама командамыз 6 –орынды иеленді. Сонымен қоса, колледж теннисшілеріміз де 6- орынға ие болды. Бұл жарысқа Зинченко М., Дуреев М. (ГТМ-22-11 тобы) және Бахтин В. (ТАУ-43-11 тобы) қатысты.

Қараша айының басында оқпен ату бойынша жарыстар өтті. Біздің атқыштарымыз Юзенков Д. (АТ-29 тобы), Саенко М. және Коломников В. (ГТМ-22-11 тобы) 179 ұпайға қол жеткізіп, 6 –шы жалпы командалық орынды алды.

Павлодар политехникалық колледжінің спорттық жетістіктері 

   

2015 жылғы қазан айының 5-нен 11-не дейін Байқоңыр қаласында өткен классикалық пауэрлифтинг бойынша ҚР чемпионатында колледж студенті А.Белевский 1 орынды иеленді.

 

   

   

   

   

   

   

   

   

   

   

2015 жылдың қыркүйек айында колледж студенті П.Синебрюкова спорттық акробатика бойынша халықаралық турнирде 1 орынды жеңіп алды.