«Автоматизация и управление» үйірмесі.

2021 жылдың сәуір айында "Автоматтандыру және басқару" үйірмесінің мүшелері ескі жобаларды бөлшектеу, қайта құру жұмыстарына кірісті. Жобаларды одан әрі пайдалану үшін жұмыс қабілеттілігі мен жарамдылығына тексеру және жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарлануда.

Жетекшісі: Щукина А.А.

«САПР» үйірмесі

Үйірме жетекшісі: Разумова-Шутка И.А.

Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту үшін үйірме сабақтары үлкен мүмкіндіктерге ие.

Үйірмелер ой-өрісін, шығармашылық қабілеттерін дамытуға, өз бетінше жұмыс істеу дағдыларын дарытуға және сол арқылы мамандарды даярлау сапасын арттыруға ықпал етеді.

Мұнда әр оқушы өзіне ұнайтын кәсіпті таңдауға, қызықтыратын мәселелерді анықтауға, қоюға және шешуге мүмкіндік алады.

Жоғары курс студенттері арнайы үйірмелерді жақсы көреді.

"САПР" үйірмесі (автоматтандырылған жобалау жүйесі) КОМПАС графикалық редакторында студенттердің жұмысын ұйымдастыруға бағытталған.

Автоматтандырылған жобалау жүйелерін білу студенттерге әрі қарай кәсіби қызметте көмектеседі. Бағдарлама кәсіптік және практикалық бағытты ескере отырып, пәнді оқытуды, жүйелеуді қарастырады. Студенттер ақпараттық-коммуникациялық құзіреттілікті кәсіби циклдің арнайы пәндерін оқу барысында қалыптастырады, кәсіби қызметте оларды пайдалану үшін қажетті білім мен дағдыларды қолданады.

Қазіргі уақытта компьютерлік технологияларды меңгеру кәсіби мәселелерді шешуде маңызды рөл атқаратын білім берудің, қызметтің маңызды құрамдас бөлігі ретінде қарастырылады.

Бұл курс біздің колледждің білім беру бағдарламасының басты мақсаты – жан-жақты тұлғаны дайындауға жетелейді.