Павлодар политехникалық жоғары колледжіне түсу шарттары

Колледжге түсу үшін қажетті құжаттар тізімі:

1) Қабылдау туралы өтініш;

2) білім туралы құжаттың түпнұсқасы;

3) көлемі 3х4 см 6 дана фотосурет;

4) 086-У нысанындағы медициналық анықтама флюросуретімен қоса (І және ІІ топтағы мүгедектер мен бала жасынан мүгедектер үшін медициналық-әлеуметтік сараптаманың қорытындысы),

5) ұлттық бірыңғай тестілеу немесе кешенді тестілеу сертификаты (бар болса);

6) жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін).

Күндізгі оқу бөліміне өтініштерді қабылдау 20 маусымнан 20 тамызға дейін, сырттай оқу бөліміне - 20 маусымнан 20 қыркүйекке дейін жүргізіледі.

Колледж Барлық мамандықтар бойынша бюджеттік топтарға қабылдау үшін конкурсқа қатысуға өтініштер мен құжаттарды қабылдайды.

Құжаттарды электронды түрде EGOV.KZ  арқылы www.politex.kz сайтта өтініш беруге болады,

немесе қағаз түрінде колледжде.

  • Күндізгі оқу бөліміне құжаттарды қабылдау 20 маусым мен 20 тамыз аралығында;
  • Сырттай-қашықтықтан оқыту бөліміне құжаттарды қабылдау 20 маусым мен 20 қыркүйек аралығында;
  • Түсу емтихандары тоқтатылды, білім туралы құжаттарға сәйкес орташа балл бойынша конкурстық негізде қабылданады (үш пән бойынша: міндетті - орыс тілі және мамандық бейіні бойынша екі пән бойынша);

Мамандақтар

 

9 кластар

11 кластар

0506063 «Шаштараз өнері және сәндік косметика»

химия

Бейнелеу өнері

Немесе информатика

химия

техноло

гия

1003193 «Түсті металдар металлургиясы»

   

Химия

Физика

1201123 «Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану»

Алгебра

Физика

Алгебра және анализ бастаулары

Физика

1014023 «Машина жасау технологиясы»

Алгебра

Физика

Алгебра және анализ бастаулары

Информа

тика

0911013 «Электр және электромеханикалық жабдықтарды техникалық пайдалану, қызмет көрсету және жөндеу»

Алгебра

Физика

Алгебра және анализ бастаулары

Физика

1302023 «Автоматтандыру және басқару»

Алгебра

Физика

Алгебра және анализ бастаулары

Физика

0402013 «Дизайн (бейіні бойынша)»

 

2 шығармашылық емтихан:

Информатика

2 шығармашылық емтихан:

 

Арнайы немесе шығармашылық дайындықты талап ететін "Дизайн" мамандығына түсуші талапкерлер мамандық бойынша талапкердің шығармашылық портфолиосы түрінде шығармашылық емтихан тапсырады (қағаз немесе электронды түрде). Портфолио онлайн режимінде тапсыру мүмкіндігі болмаған жағдайда, талапкерлер шығармашылық тапсырманы орындай отырып, қабылдау комиссиясына бейне жібереді. Портфолио мазмұны және бағалау критерийлері қабылдау комиссиясының шешімімен қабылданады

  • Колледж оқушыларының құрамына қабылдау:

1) күндізгі оқу нысанына-күнтізбелік 25-31 тамыз аралығында;

2) сырттай оқу бөліміне-күнтізбелік жылдың 15-30 қыркүйегі аралығында.